Қылмыстық және басқарма қызметінің сандық жүйеге өтуі себепті, мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға мүмкіндік беріледі,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп жазады.
«Сандық жүйеге өту барысында мобильділік керек, сондықтан бұл сұрақ Мәжілісте әлі де қарастырылатын болады»,- деді ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
Осының алдында, Ахметжанов «сандық жүйеге өту қоғамға және тергеушілердің жұмысын жеңілдетуге қажет» деген болатын. Оған қоса, ҚР ІІД-і сандық жүйеге өту үшін әлі де техникалық жабдықтандыру өте нашар екендігін айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың наурыз айында барлық мемлекеттік орган қызметкерлеріне және онда келушілерге мобильді құрылғыларды (смартфон, планшет, сматр- сағаттар) қолдануға тыйым салынған болатын. Мұның себебі, мемлекеттік қызметкерлердің смарт құрылғыны жұмыс барысында қолданып, WhatsApp желісі арқылы көптеген құпия ақпараттарды таратуы жиілегенде жасалған шара еді.